Алматыда құқық қорғаушылардың арасында шахматтан турнир өтті

Интеллектуалды додаға 10 команда қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда құқық қорғаушылардың арасында шахматтан турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған сайысты Ішкі істер министрінің орынбасары мен Қазақстан шахмат федерациясының президенті құттықтау сөз айтып, ашып берді. Интеллектуалды додаға 10 команда қатысып, топтық және жекелей сайыста сынға түсті. Нәтижесінде 1-орынды Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жеңіп алса, 2-орынға бас прокуратураның өкілдері тұрақтады. Ал үшінші орын мамандандырылған күзет қызметі басқармасына бұйырды.

"Бұл жарыстың ең басты мақсаты – қарулы күштеріміздің интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру", – деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Оқи отырыңыз: Армян мәдениеті: Алматыда фестиваль өтті

 

 

Новости партнеров