Алматыда Саяқбай Қаралаевтың шығармалар жинағының тұсауы кесілді

Ұлы манасшының 130 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

Алматыда ұлы манасшы Саяқбай Қаралаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қырғыз елінің атақты жыршысын ұлықтау рәсіміне жиналғандар "Манас" эпосын сақтап, оны кеңінен танытуға ықпал еткен қазақтың жазушылары Мұхтар Әуезов пен Мұрат Әуезовті еске алды. Басқосуда ұлы тұлғалардың жалпы түркі әлеміндегі айрықша орны дәріптеліп, қазақ-қырғыз әдебиетіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Екі мемлекеттің де тәуелсіздігіне 33 жыл толуына орайластырылған іс-шарада айыр қалпақты ағайын "Манас" жырынан үзінді оқып, көпшілікті ұлттық өнерімен тәнті етті.

"Әуезхов Саяқбай Қаралаевты қалай құрметтеп, "ХХ ғасырдың Гомері" деген атақ берген болса, "Манас" эпосының қадірімен Уәлиханов, Әуезовтер –Шекспирмен, Гомермен,  Хэменгуеймен, Гете, Гейне, Гегельдерменен есімі қатар айтылып жүрген ұлы тұлғалар. Қырғыз-қазақтың ортасына ешқашан сызат түспей,  Манастың жаңғырығы ұлы даланы жаңғырта берсін!" – деді "Манас" ұлттық академиясының президенті Әзиз Бимырзаұлы.

Айта кетейік, "Әуезов үйінде" өткен жиынды ұйымдастыруға Ұлттық Манас Академиясы, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және Халықаралық "ТҮРКСОЙ" ұйымы мұрындық болған. Іс-шара барысында академияның делегация өкілдері өздері шығарып әкелген 3 томдық "Саяқбай Қаралаевтың шығармалар жинағын" көпшілікке таныстырып, тұсауын кесті. Айыр қалпақты ағайын «қазақ-қырғыз достығы "Манас" жырында бейнеленгендей, әрдайым берік болсын» дейді. Ал институт қызметкерлері Мұхтар Әуезовтің Қаралаевты "Гомерге" теңеуі бекер емес екенін алға тартады.

"Қаралаевты "ХХ ғасырдың Гомері" деп атаған Мұхтар Әуезов екен. Ал "Гомердің "Илиада", "Одиссея" деген дастандары – өлі дастандар" дейді. Оны ешкім орындамайды. Ал "Манасты" орындайды, ол – тірі" дейді. Оны жеткізген Саяқбай Қаралаевтың рөлі ерекше екенін бұл кісілер атап өтеді және қазақтар оны мойындайды. Мұхтар Әуезовтің перзенті Мұрат Әуезов те осы мәдени аралық байланысқа өмірінің соңына дейін мән беріп кетті. Түрік дүниесіне қатты мән берді", – деді М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми  қызметкері Нұрдәулет Ақыш.

Оқи отырыңыз: Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

Новости партнеров