Алматыда сала мамандары бас қосты

Іс-шара барысында Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің қорында сақталған құнды фотосуреттерден құрастырылған көрме ұсынылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуында Алматы қаласының тарихи рөлі мен маңызы зор». Қала құрылысына үлес қосқан азаматтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада жиналғандар осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Объектив арқылы экранға: «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» атауымен өткен жиында елдегі білім, ғылым, мәдениет және әлеуметтік-экономикалық сала қызметкерлері бас қосты. Іс-шара барысында Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің қорында сақталған құнды фотосуреттерден құрастырылған көрме ұсынылды.  

«Тұңғыш Президент музейі бізге Тәуелсіздік күні қарсаңында бірлескен ауқымды іс-шара өткізуді ұсынды. Әрине, біз қуана келістік. Себебі, бұл дата - архив қызметкерлері үшін аса маңызды күн», – деді  ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архиві директорының орынбасары Сәуле Сатаева.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы Әділет департаментінің ғимараты пайдалануға берілді

Новости партнеров