Алматыда жануарларға жедел ветеринариялық көмек көрсетіледі

Өтініш сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қараусыз қалған, ауруға шалдыққан жануарларға жедел ветеринариялық көмек көрсетіледі. Ал ол үшін бүгіннен бастап екі мамандандырылған топ қызметке кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігерлер бірден оқиға орнына барып, жол апатына түскен немесе құздан құлап, ауыр жарақат алған, уланған, тіпті қан тамырлары қысылған жануарлардың өмірін сақтап қалуға тырысады. Ал бастаманың оң нәтиже беруі үшін қажетті жабдықтармен қамтылған 2 арнайы жүк көлігі пайдаланылмақ.

"Мақсат – көлік қағып, жол апатына түскен немесе уланған, бірін-бірі сүзіп, тілінген жерлері болса, алғашқы көмек көрсету", – деді  «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК басшысы Қанат Кәкен.

Тұрғындар жануарларға арналған жедел жәрдем қызметіне «109» біріңғай байланыс нөмері арқылы хабарласа алады. Өтініш сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады. Сондай-ақ тәулік бойы кезекші топ та жұмыс істейді.

"Алматы қаласы бойынша 8 мал дәрігері бар. Олар өз ауданына нақты жауап береді. Қай ауданнан қоңырау түседі, мал дәрігері барып, қызмет көрсетеді. Бірінші клиникалық тексеріс, яғни малдың иесінен қан талдамасы алынады. Әрі қарай емдеу шараларына жүргізіледі", – деді  «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК Медеу ауданының мал дәрігері Нұрғазы Сұлтан.

Оқи отырыңыз: Үскірік аяз, боран: қостанайлықтарды қар құрсауында қалды

Новости партнеров