Алматылық оқушылар құсбегілік өнердің тың тәсілдерімен танысты

№ 204 жалпы білім беретін мектепте ұлттық спорт мамандарымен кездесу өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскелең ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда дәстүрлі ойындардың маңызы зор. Бұл туралы Алматыдағы № 204 жалпы білім беретін мектепте ұлттық спорт мамандарымен өткізілген кездесуде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқушылар мен ұстаздар жиын барысында құсбегілік өнердің тың тәсілдері туралы терең білім алып, көшпелі халықтың мәдениетін сақтаудағы этникалық спортты насихаттаудың маңызымен танысты.   

"Тарихын естіп өспеген ұрпақ, тамыры жоқ ағаш сияқты. Сондықтан бабаларымыздан қалған ұлы мұраны дәріптеп, насихаттап жүру  –  халықтың, бүгінгі ұрпақтың негізі міндеті", – деді ҚР Құсбегілік федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы.

Оқи отырыңыз: Поэзия аллеясы: Алматыда жас ақындар бас қосады

 

Новости партнеров