Алматылықтар жаңа жылды қалай қарсы алады

Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін 70-ке жуық меркелік іс-шара жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік астана биыл жаңа жылды ерекше қарсы алмақ. Қалада 20 желтоқсаннан "Алматының 8 кереметі: бүкіл отбасыға арналған таңғажайып" мерекелік бағдарламасы бастау алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шара шаһардың барлық ауданында өтеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ биіктігі 22 метр болатын мерекелік атрибут Республика сарайының алдына орнатылмақ. 

Алматы – еліміздің тек экономикалық драйвері емес, сондай-ақ мәдени астанасы. Биыл шаһарда дәстүрге сай жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін 70-ке жуық меркелік іс-шара жоспарланған. Қазақ мемлекеттік циркінде 17 қаңтарға дейін "Қар ханшайымы" қойылымы өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 35 мың адам қатысады деп күтілуде. Ал бұған қалалық әкімдік тарапынан 3000 жуық билет тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға берілген.

Ал 23 желтоқсаннан бастап әр ауданда бірқатар іс-шара жоспарланған. Жастардың қатысуымен қарттар үйінде жаңа жылдық концерттік бағдарлама, "Ертегідей жаңа жыл" костюмдер челленджі және "Қар адамы" интерьерлік ойыншықтар жасау шеберлік дәрісі өтеді. Ал 24-25 қаңтарда "Жаңа жылға саяхат", "Шыңға өрлеу" әлеуметтік клубының балаларына арналған қойылым, Жаңа жылдық әуендермен караоке-баттл ұйымдастырылады. Сонымен қатар қалада Аяз ата мен ертегі кейіпкерлерінің шеруі, жәрмеңкелер мен көрмелер, концерттер мен ойын-сауық бағдарламалары өтеді.

"Алматы әуежайынан бастап үлкен даңғыл жолдардың барлығы да түрлі мерекелік әшекейімен безендіріліп, жарық шамдар орнатылып, қалаға көрік береді. Халықтың көңіл-күйін көтеруге арналған іс-шаралар. Абай алаңында 20 желтоқсанда сағат 17:00-де басталады. Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі көңіл-күй сыйлайтын бағдарламалар қамтылған", – деді Мәдениет басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Арман Қалыбеков.

Жаңа жылдық безендірулер көпшілікке ұмытылмас әсер сыйламақ. Әсіресе халық көп жиналатын орындар мен алаңдарға шырша қойылып, қала көркін жандандыра түскен.

БЛИЦ:

"Қаланың әдемі жерлеріне барып, серуендеп қайтамыз". 

"Жаңа жылдық көңіл-күй өте керемет! Қаладағы безендіру жаңа жылдық атмосфераны сыйлайды деп ойлаймын". 

"Әлемде жаға жылды күтіп жатады. Бірақ соңғы уақытта біздің отбасымызда тек кішкентай балаларды апарамыз". 

"Медеуге, Шымбұлаққа барамыз". 

"Биыл Алматының жаңа жылдық безендіруіне шамамен 800 миллион теңге бөлінген. Былтырғы инсталляцияларды барынша пайдаланғанның арқасында осы жылы қала одан сайын көркейі түспек".

Олжас Омарбек, Мейрам Исабеков

Оқи отырыңыз: Астанада бас шыршаның шамы жағылды

Новости партнеров