Алтын медаль: 7 жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды

Almaty.tv
Almaty.tv

Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәні бойынша бақ сынап, қола медаль еншіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қаласы №81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Бақдаулет халықаралық «StemCo» халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Елорда әкімдігі мәліметінше, алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Бақдаулет «Математика және science» пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластары ішінен оза шауып, бірінші орынға табан тіреп, еліміздің атын асқақтатты.

Ал ел намысын қорғаған Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәні бойынша бақ сынап, қола медаль еншіледі.

Оқи отырыңыз: Сақ жүріңіз: айыппұлдың 50 пайыздық жеңілдігі алынуы мүмкін

Новости партнеров