Елімізде 21 мыңнан астам киіктің өлі табылғаны расталды
Елімізде 21 мыңнан астам киіктің өлі табылғаны расталды. Биыл Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары аумағында қырылған түз жануарының өлекселерін жинау және жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысын барысын «Алматы» телеарнасының студия қонағы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жобалау офисі басшысының орынбасары Асқар Әбдірахман баяндайды.
– Асқар мырза, киіктердің жаппай қырылуына не себеп
«Қырылған киіктердің саны 21 мың бастан асады. Бұл – табиғи құбылыс. Жыл сайын қыс мезгілінде қайталанады. Қырылған киік саны көп болып көрініп тұр, себебі киіктердің саны да бұрынғыға қарағанда едәуір өскен. Қазақстан бойынша 4 миллион жүз бас бар. Ғалымдардың айтуынша, киіктер қысты күні 10-15 пайыздан 30 пайызға дейін қырылады деп есептейді. Табиғи жағдайда қырылған киіктер жануарлар дүниесіне ешқандай зиянын тигізбейді деп есептейміз.
– Киіктерден сынама алынды ма? Қырылған киіктер экожүйеге қауіп төндіруі мүмкін бе?
«Қарағанды, Ұлытау облысында орналасқан ветеринариялық зертханалар келіп сынамалар алды. Қарағанды облысы бойынша сынаманың нәтижесі дайын. Ешқандай жұқпалы қауіп төндіретін аурулардың қоздырғышы табылмаған.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысындағы 9 ауданда шегіртке қаптап кетті