Астана аспанында Қазақстан Қарулы күштерінің истребительдері ұшады

ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі ескерту жасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды", - делінген хабарламада.

Ведомство іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейтінін, қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді

Новости партнеров