Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Астана мен Қосшыда терроризмді насихаттаумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Олар экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру және жаңа қолдаушыларды тарту күдігімен құзырлы органдардың назарына ілінген.
Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайынан діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.
"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді ҚР ҰҚК ресми өкілі Қайырлы Ахмет.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында қарақұйрықты атып алған браконьерлер ұсталды