Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды
Бүгін Целиноград ауданының Қараөткел ауылында қайғылы оқиға болды. Ауыл мектептерінің бірінің алдында оқушы қыз көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті хабарлады.
"19 ақпанда Қараөткел ауылының IT-мектебінің территориясында мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Аталған факт бойынша полиция тергеу амалдарын қолға алды", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Теріс қылығымен танылған қызылордалық басшылар қалай жазаланды