Атырауда жол апатынан зардап шеккен бозбала көз жұмды

Olga Kononenko/unsplash.com/
Olga Kononenko/unsplash.com/

Жол-көлік оқиғасы 27 наурызда болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жол апатынан ауыр жарақат алған 18 жастағы бозбала облыстық облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер пациенттің өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 2007 жылғы азамат жедел жәрдем бригадасының көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілген.

"Ауруханаға түскен кезде ер адамның жағдайы өте ауыр болды. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті реанимациялық шараны шұғыл түрде жүргізді. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан пациенттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 27 наурызда болған.

"Түскі сағат 13:43 шамасында Доссор кентінен Атырау қаласы бағытындағы жолдың Оңай ата зираты тұсында Shacman және Hyundai Elantra көліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктің 2007 жылы жолаушы әр түрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен жолаушы Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген еді", - деп толықтырды департаменттің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда жол жиегінде кетіп бара жатқан екі адамды көлік басып кетті

 

Новости партнеров