Қазір аталған оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды
Атыраудағы құрылыс алаңдарының бірінде екі жұмысшы бесінші қабаттан құлап, біреуі оқиға орнында қайтыс болды. Ал екіншісінің жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалап отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Әзірге оқиғаның жай-жапсары белгісіз. Ал арнайы құрылған комиссия қайғылы жағдайдың анық-қанығын зерттеуге кіріскен.
Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, соған сәйкес тексеріс жүріп жатыр.
"Атырау қаласындағы құрылыс нысандардың бірінде биіктіктен құлаған 33-43 жастағы жұмысшылардың дерегіне қатысты қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, 33 жастағы адам ауруханада, 43 жастағы ер адам алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі таңда тиісті сот медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Оқи отырыңыз: Алматының Алмалы ауданы тұрғындары орталық коммуникацияларға қосылады