Ауыз сумен қамту: елімізде 23 жоба қолға алынды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында биыл еліміздің 9 облысында 23 жоба қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, қала тұрғындарының 99 проценті, ал ауылдағы ағайынның 97 пайызы сапалы тіршілік нәрін тұтынып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, былтыр еліміздің 6 өңірінде су құбырларын салу және қайта жөндеуге бағытталған 8 жоба аяқталған.

"Жобаларды іске асыру нәтижесінде 2100 шақырым ауыз су құбыры салынады және қайтадан жаңартылады, реконструкцияланады. Қзіргі таңда 162 мың халық тұратын 67 ауылға су беру орталықтандырылған жүйеге қосылады" – деді  ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы комитетінің басқарма басшысы Бұлан Тұрлыбеков

Министрлік өткен жылы тіршілік нәрінің сапасын қадағалау үшін 241 су құбырын тексеріп, 40-тан астам заңбұзушылық анықтаған. Ел бойынша су құбырларынан 66 мыңнан астам сынама алынып, зерттелген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылған. Мекеме тапшылық бар өңірлерде жерасты су ресурстарын игеру және пайдалану үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүзеге асырады.

"Республика аумағында және жерасты көздерін ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Болжам бойынша Қазақстандағы жерасты суларының қоры шамамен 40 миллиард текше метр. Оның 15 миллиард текшеметрі пайдалануға дайын. Еліміздің жыл сайын ауыз су қажеттілігі үшін 1,2 миллиард текше метр су жұмсалған", – деді Бұлан Тұрлыбеков.

Оқи отырыңыз: Мұздатқышта қандай тағам түрлерін сақтауға болмайды

Новости партнеров