Мемлекеттік көмек шаралары тиімді болу үшін бизнес субъектілерінің қарсы міндеттемелерін енгізу жоспарланып отыр
Қазақстанда балық өсірушілерге су тұтыну шығындары үшін субсидия төленуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекеттен жеңілдетілген кредиттер мен ғылыми сүйемелдеу сияқты көмек берілмек. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин қолдау агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетінін айтты. Мемлекеттік көмек шаралары тиімді болу үшін бизнес субъектілерінің қарсы міндеттемелерін енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ вице-министр су айдындарын балық өсірушілерге берудің жаңа тәртібі қалай іске асатынын да түсіндірді.
"Су айдындарын аукциондық сауда-саттық тәсілімен электрондық портал арқылы конкурстық негізде жүргізу ұсынылады. Бұл ретте, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын құру жөніндегі инвестициялық жобалар үшін, егер инвестиция сомасы кемінде 150 мың АЕК болса, халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарын конкурс өткізбей беру ұсынылады", – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин.
Оқи отырыңыз: Каспий жағалауындағы өлген итбалықтар саны 2 мыңға жуықтады