Жүкті болғандардың ең кішісі 2023 жылдан бастап – 15 жаста
Батыс Қазақстанда жыл басталғалы 2 оқушы қыз жүкті болып қалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәліметке қарағанда, 2020 жылы – 1, 2021 жылы – 3, 2022 жылы – 3, 2023 жылы – 2, өткен жылы 3 дерек тіркелген. Осының ішінде 7-еуі Орал қаласының үлесіне тиеді.
Жүкті болғандардың ең кішісі 2023 жылдан бастап – 15 жаста.
Биылдың өзінде екі жасөспірімнің аяғы ауыр екендігі анықталды.
"Жасөспірімдер жүкті болған жағдайда эклампсия, туғаннан кейінгі эндометрит және жүйелі инфекциялар сынды асқынулар туындауы мүмкін. Олардың шақалақтары көбіне салмағы аз болып, шала туылады және ауыр дерттерге ұшырауы ықтимал. Ерте жүктілік анасы үшін де, сәбиі үшін де қауіпті. Бұл көбінесе түсік жасатумен аяқталады. Ал, әсіресе, бірінші рет түсік жасату бедеулікке дейінгі асқынуларға соқтыруы мүмкін", – деп хабарлады.
Оқи отырыңыз: Алматыда қар шығаруға 448 техника мен 1192 жұмысшы жұмылдырылды