Жиында білім алушыларға болашақ мамандығын таңдауға кәсіби бағдар берілді
«Білімді ұлт, сапалы білім беру». Алматыда студенттер мен жұмыс берушілер арасында тиімді байланыс орнатуға бағытталған ерекше форматтағы кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұнда білім алушыларға болашақ мамандығын таңдауға кәсіби бағдар берілді. Жиында логистика, техника, электр жабдықтары, радиотехника және телекоммуникация саласының үздік мамандары тәжірибеcін бөлісті. Қалалық білім басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған кездесу колледждер мен университеттердің өзара ынтымақтастығын арттыра отырып, жастарды мамандық таңдауға дайындауды мақсат еткен. Мұндай жобалар болашақта еңбек нарығына бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.
"Іс-шараға келгендегі мақсат – колледж бен университет арасындағы байланысты нығайту. Екіжақты меморандум аясында жасалып жатқан жұмыстар негізінде колледж түлектері болашақта университетте білім алады. Яғни оның ішінде машина жасау және логистика саласы бар", – деді Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті факультетінің деканы Ләззат Әлдібаева.
Оқи отырыңыз: Полицияда қазақ тілін түсінетін ит қызмет етеді