Былтыр Алматыда автотұрақ ережесін бұзған 29 мың жүргізуші жауапқа тартылды

polisia.kz
polisia.kz

5 810 көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Былтыр Алматыда автотұрақ ережесін бұзған 29 мың жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жергілікті полиция қызметі ұсынған өткен жылдың қорытындысы. Бөлімшенің мәліметінше, былтыр автотұрақ ережесін бұзған 29 014 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 5 мың 810 көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

"Қалада жол-көлік оқиғаларын азайту және жол қозғалысы қауіпсіздігін алдын алу мақсатында тұрақты түрде көлік құралдарын қою ережелерін бұзу деректерін анықтауға бағытталған рейдтер мен профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Алматы сияқты үлкен қала үшін бұл өте өзекті мәселе" - делінген хабарламада.

Бүгінде Алматыда шаһар жолдарында қала сыртынан келетін көліктерді қосқанда 1,5 миллионнан астам көлік жүреді. Осы жылдың басынан бері көлік құралдарын қою ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша 2182 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер "Алматы Аренадағы" өрттен зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты

Новости партнеров