«Алтын доп» қоры 120 тәрбиеленушіге спорттық киімдер мен тәттілер табыс етті
"Дені сау ұрпақ – мықты Қазақстан" жобасы аясында Алматыдағы №1 облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығында қайырымдылық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алтын доп» қоры 120 тәрбиеленушіге спорттық киімдер мен тәттілер табыс етті. Сонымен қатар орталықтағы балалар спорттық ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Бұл – жоба шеңберінде ұйымдастырылған үшінші жарыс. Іс-шараға атсалысқандар алдағы уақытта да осы бағытта еңбек етпек.
"Алтын доп» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жаңағы спорттық киім әкеліп, балаларға тәтті тарттық. Балаларды жан-жақты адамгершілікке тәрбиелейміз", – деді №1 облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Перизат Мәшірбаева.
Оқи отырыңыз: Алматыда туристер үшін тау маршрутының картасы пайда болды