Дінтану мәселелері: Алматыда республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына орай ұйымдастырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Білімнің қара шаңырағына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына орай Алматыда «Қазақстандағы дінтанудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға жиналғандар «Ислам психологиясы», «Оның негізгі сипаттамалары мен ерекше белгілері» сынды тақырыптарды талдап, әртүрлі дін өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас мәселесін сөз етті. Сондай-ақ көпмәдениеттілік, діндер арасындағы диалог және лаңкестік сияқты құбылыстар да ескеріліп, шешімін таппаған сұрақтар қызу талқыға салынды.

"Дінтану мамандығы бір конфиционалдық аспектіде ғана емес, адамзаттық рухани құбылыс ретінде түсіндіріп, соның мән-мағынасын ашып, халыққа жеткізе алуы тиіс.  Адамзаттың бейбіт өмір сүре алуына жағдай жасау және соны санаға сіңіре білу керек", – деді Нұр-Мүбарак университетінің профессоры Қайрат Затов.

"Дінтану жәй пән емес, ол Қазақстанға да, әлемдегі діни жағдайға, қоғамдық өмірдің барлық саласына белсенді  әсер ете алады", – деді философия ғылымының докторы, профессор Нағима Байтенова.

Оқи отырыңыз: Елге келетін эмигранттарға бақылауды күшейту керек - сенатор

Новости партнеров