Донорлар күні: Алматыда Үндістан елшілігінің өкілдері қан тапсырды

Алматы қалалық қан орталығы 22-ден астам медициналық мекемені қан және оның өнімдерімен қамтамасыз етеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Үндістан елшілігінің бастамасымен Донорлар күні өтті. Іс-шара апатқа ұшырағандар, ауыр науқастар мен қиын жағдайда өмірге келген нәрестелер және босану кезінде көп қан жоғалтқан әйелдердің өмірін сақтап қалуға үлес қосқан азаматтарды қолдауға арналды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бағдарлама бойынша Үндістан елшісі Нагендра Прасад пен елшілік өкілдері қан тапсырып, Қазақстандағы донорлықты қолдауға үлесін қосты. Елшінің айтуынша, донорлық – ұлтқа, дінге немесе басқа да ерекшеліктерге қарамастан, қоғамның ортақ адамгершілік құндылықтарын көрсететін маңызды іс.

Айта кетейік, Алматы қалалық қан орталығы 22-ден астам медициналық мекемені қан және оның өнімдерімен қамтамасыз етеді. 2024 жылы мұнда 19 мың донордан 10 мың литр қан жиналған.

"Үндістанның 76- Республика күніне орай іс-шара өткізіп жатырмыз. Қан тапсыру бойынша ерекше атап өту керек, әр елде біздің 32 млн-нан астам азаматымыз диаспора ретінде тұрып жатыр. Біз оларға әр кез қан тапсырып, жергілікті жерге пайдасын тигізуге шақырамыз. Бұл – ең басты мақсатымыз", – деді Үндістанның Қазақстандағы елшісі Нагендра Прасад.

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект науқастарға диагноз қояды

Новости партнеров