Сайыс жастар арасында қазақтың ұлттық спортын насихаттау мақсатында ұйымдастырылады
Биыл көктемде Алматыда аударыспақ чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл мақсатта шаһардың ұлттық және ат спорт түрлері тобы ойынға қатысатын жас шабандоздарды тәрбиелеп жатыр. Келе жатқан сайыс жастар арасында қазақтың ұлттық спортын насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
"Жас ерекшеліктеріне қарайтын болсақ, аударыспаққа 14-17 жас аралғы –жасөспірімдер, ал 17-20 жас арлығы – жастар, 21 жастар жоғары ересектер болып есептеледі. Бір салмаққа 3 балуан рұқсат беріледі. Бұрын 5-ақ салмақ болған", – деді Аударыспақ бөлімінің жаттықтырушысы Асхат Рысов.
Айта кетейік, Ұлттық және ат спорты тобының ашылғанына небәрі 7 ай болды. Бірақ оған қарамастан, мұндағылар Шымкент пен Қостанайдағы турнирлерінде жүлделі орындарды иеленді. Ал жас шабандоздардың жетістіктері елде аударыспақ спортының дамып, кеңінен қанат жаюына түрткі болмақ.
"Алматы ат спортының ойыншысымын. Әкем де, атам да ат баптайтын атбегі болған. Сегіз жасымнан атқа қызығып, үлкендердің арасында көкпар тартып, тай мініп, асау үйретіп өстім", – деді спортшы Айбар Қайрат.
Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект науқастарға диагноз қояды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!