Елге келетін эмигранттарға бақылауды күшейту керек - сенатор

Елімізде ресми мәлімет бойынша 300 мыңға жуық еңбек мигранты бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенаторлар елге келетін эмигранттарға бақылауды күшейтуді ұсынды. Олардың арасында заң бұзатындар көбейген. Бұған дәлел – нәпақасын Қазақстаннан іздеп келетін шетелдіктерді заңсыз есепке қойып, жалған еңбек шарты мен медициналық анықтамалар жасаумен айналысқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сенаторлар «талқыланған заң ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді» дейді. Құжат қабылданса, аграрлық сектордың қаржылық тұрақтылығы нығайып, қоймалық куәліктерді кепіл ретінде пайдалану арқылы шаруаларға қосымша қаржы алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нарыққа жоғары сапалы өнім шығаруға жағдай жасайды. Десе де, сенатор Амангелді Толамисов ведомство өкілдерінен «келісімді ратификациялау ауылшаруашылық өнімдері бағасының қымбаттауына әсер етпей ме?» деп сұрақ қойды.

" Азық-түлік, әлеуметтік маңызы бар тауарларға, бидайға да ешқандай қауіп жоқ", – деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Тиісті құжатты сенаторлар бірауыздан мақұлдады. Отырыс барысында депутаттар Үкімет басшысына сауал жолдады. Бибігүл Жексенбай «елімізде заңсыз көші-қон көрсеткішінің өсуі әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді» дейді. Сенатор келтірген деректерге сенсек, Қазақстан заңын бұзған шетелдіктердің саны биыл өскен.

"Бүгінде елімізде ресми мәлімет бойынша 300 мыңға жуық еңбек мигранты бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша, 13,2 мың шетел азаматы ресми түрде жұмыс істейді. Бас прокуратура мәліметі бойынша, тек биылдың өзінде 82,2 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 965 шетелдіктің қылмысы әшкереленген", – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай.

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланатындардың да барын айтқан Сенат депутаты Қазақстанға келетіндерге бақылауды күшейту керек деп санайды. Сондай-ақ заңсыз көші-қон мен еңбек ресурсын пайдалануды ұйымдастыратындарға жазаны қатаңдатуды ұсынды.

Аршат Әділжанқызы, Нұрлан Өтеген, Дастан Темірбекұлы, Астана

Оқи отырыңыз: Қауіпті жол: Атырау облысындағы жол жөндеу жұмысы неге тоқтап тұр

Новости партнеров