148 таксопарк шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған
Елімізде 400-ден астам заңсыз таксопарк жұмыс істейді. Наурызбай ауданының прокуратурасы 4 237 шетелдік жүргізушінің жергілікті органдардың рұқсатынсыз такси қызметін көрсеткенін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал 400-ден астам таксопарк көші-қон заңнамасын бұзған. Қазіргі уақытта Көші-қон қызметі комитеті заңсыз жұмыс істеген парктер мен шетелдік жүргізушілерге қатысты шара қабылдауды қарастырып жатыр.
"Ел бойынша 346 шетелдік такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 136-сы Алматыдан. Сонымен қатар 148 таксопарк шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жазаланды. 112 шетелдік қабылдау-тарату орнына қамалып, 156 шетелдік елден шығарылды. Құзырлы органдар заңсыз қызметтің алдын алу жұмыстарын әлі де жалғастыруда", – деді Алматы қаласы прокуратурасының ресми өкілі Райымбек Шәріпбаев.
Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасы: іздеуде жүрген ел азаматы қырғыз жерінде кісі өлтіргені анықталды