Елімізде электр қуатымен жүретін көліктер саны артып келеді

Ботагоз Жокенкызы
Almaty.tv
Almaty.tv

Электрокар ең көп тіркелген өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда электр қуатымен жүретін көліктер саны артып келеді. Биыл тамызда қалада 6 мың 275 электромобиль тіркелген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге көп, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қауіпсіздік мәселесі баршаны алаңдатып отыр. Сарапшылар бұл жайында оң пікірде. Өйткені электр қуатымен жүретін көліктер заманауи технологиялармен жабдықталған. Ал Қазақстан автонарығына келер болсақ, электромобильдер уақыт өте келе жанар-жағармаймен жүретін көліктерді ығыстыратын секілді. Өйткені экологиялық таза темір тұлпарлардың бұл түріне соңғы жылдары сұраныс едәуір артқан. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, электрокар ең көп тіркелген өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. Екінші орында Астана, үшінші орында Алматы облысы бар. Демек тұрғындар заман талабына сай жабдықталған көлікпен жүруді жөн көреді.

Ал әлем елдерінде де электромобильдерге деген сұраныс артқан. Былтыр 10 миллионнан аса данасы сатылған. Our World in Data сайтының дерегіне сәйкес, әлемде сатылған әрбір төртінші көлік электр қуатымен жүреді. Норвегияда сатылған жаңа көліктердің 93, Исландияда 7, Швецияда 60 ,ал Финляндияда 54 пайызы  электркарлар. Өткен жылы әлемде 14 млн-ға жуық электркар сатылған. Автосарапшылардың айтуынша, көлік экологиялық таза өнім болғандықтан және мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктерге байланысты электромобильдерге сұраныс артып отыр.

"Елімізде 2025 жылға дейін электрмобильдерді сатып алуға жеңілдіктер қарастырылған. Қазақстан аумағына утильалым, бастапқы тіркеуден өтудің қажеті жоқ. Қосымша құн салығын да төлемейсіз. Көлік салығынан да босатыласыз. Мен электрмобиль сатып алған кезде, тек мемлекеттік нөмір үшін ақша төледім. Бұл тиімді бағада көлік сатып алуға мүмкіндік береді", – деді автосарапшы Эдуард Эдоков.

Биыл мәжілісмендер «Дөңгелекті гаджет» деп аталатын бұл көлік түріне қатысты заңнамаға түзетулер енгізді. Демек инфрақұрылым реттеліп, қуаттағыш стансалар ашылады. Басқа да қажеттіліктер жолға қойылады. Қалада да, далада да электромобильдерді қуаттау бекеттерін салу жоспарлануда. Көлік министрлігі әсіресе республикалық маңызы бар күре жолдарға баса мән беріп отыр. Ведомство өкілдерінің сөзінше, бұл стансалар инвестиция есебінен салынады.

Еркебұлан Серікұлы, Алматы

Оқи отырыңыз: Алматыда троллейбус фестивалі өтті

Новости партнеров