Елімізде қанша адам ағза донорына кезекте тұр

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 4 мыңға жуық адам ағза донорына кезекте тұр. Орган ауыстыруға мұқтаждар саны жыл санап артып келеді. Дертіне шипа іздеп, өмір үшін арпалысқа түсетіндердің басым бөлігіне бүйрек пен бауыр қажет. Қазір ағзаны ауыстыру қалай жүргізіледі? Мәйіттік донор болуға азаматтардың пікірі қандай? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Денсаулық сақтау министрлігі Транспланттау және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру орталығының бөлім басшысы Қайрат Иманбаев жауап береді.

Қайрат Мұсаұлы, қанша адам ағза донорына мұқтаж?

Қазақстан бойынша 4102 науқас күту парағында тұр. Бүйректі 3600, бауырды 170, жүректі 135 адам күтіп отыр. Оның ішінде 102 сәби бар. Жыл сайын 300 адамдай қосылады. Қазақстан бойынша транспалантация жасайтын 7 орталық бар. Биыл 19 науқасқа трансплантация жасалды.

Елде бақилық болған адамның ағзасын транспланттау әдісі қалай жүргізіледі?

Заң бойынша әр адамның көзі тірісінді ойын білуге болады Қандай заң болса да,  келісім болғанның өзінде де туыстарынан сұрап,  рұқсат аламыз. Олар келісім бермесе, донор бола алмайды.

Оқи отырыңыз: ДСМ жедел жәрдем көрсету ережелеріне енгізілген өзгерістерді түсіндірді

Новости партнеров