«Объектив және экран жүзінде: Алматы — Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты фотокөрмеге қаланың сонау 1920-30 жылдардағы фотолары да қойылған
Елордада ҚР Президенттік орталығында Алматының тарихы және тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тақырыбындағы үш күндік фотокөрме жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Объектив және экран жүзінде: Алматы — Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты фотокөрмеге қаланың сонау 1920-30 жылдардағы фотолары да қойылған.
ҚР Орталық кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағатының директоры Ілияс Ысқақовтың айтуынша, Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай мәдени-ақпараттық шараның ұйымдастырылуында терең мән бар.
«Алматының егемен ел болып қалыптасуымыздағы рөлі үлкен. Ол қала біздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы астанамыз ғана емес. Мемлекетіміздің қалыптасуы сол жерде басталды. Зиялы қауым, білімді жастар – бәрі сол Алматыда өсіп-өнді, дамыды, жетілді. Тәуелсіздікті алғаш жариялаған, тұңғыш Конституциямызды қабылдаған шаһар. Сондықтан осындай маңызды мереке қарсаңында ол қаланың өткенін тағы бір еске алып, мән-маңызын тереңірек түйсініп қою – біз үшін үлкен борыш», - деді ол.
Оқи отырыңыз: Аялдаманың іші сасық: Астанада жолаушылар сарышұнақ аязда далада тұруға мәжбүр
Дереккөз: ҚазАқпарат