Есіл өзенінің деңгейі көтерілді: СҚО-да тасқынмен күрес күшейтілді

Аймақта эвакуация орындары да дайын тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Есіл өзені кемерінен асқандықтан, Солтүстікте тасқынмен күрес қарқыны күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызылжар ауданының Тепличное, Вагулино, Прибрежное, Ольшанка, Соколовка және Большая Малышка ауылдарында және Заречное елдімекенінде бөгеттерді нығайту жұмысы жалғасып жатыр. Оған 2 мыңнан аса адам, 150 техника жұмылдырылып, инертті материалға толы 350 мың қапшық дайындалды.

 «Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар орын алғандықтан, су тасқынына қарамастан, күн-түн демей жұмыстар жасап жатырмыз. Күніне 3 мыңдай инертті қапты қаптаймыз. Екі аусымда жұмыс істеп жатырмыз», – деді Ұлттық ұлан академиясының курсанты Біржан Тоқтарбек.

  Сонымен қатар, Заречное ауылындағы тұрғын үйлердің тасқыннан қирап қалмауы үшін бірқатар жұмыс атқарылған. Мәселен, мұнда бір күнде 65 мың текше метр су сорылыпты. Қазір облыстағы ахуал төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.

Атап өтейік, аймақта эвакуация орындары да дайын тұр.

 «Бұл жерге Отан алдындағы борышымызды өтеу үшін келгенбіз. Десе де қиын-қыстау сәттерде тұрғындарға көмек көрсетуге, қолдауға әрдайым дайынбыз. Негізінде бізге артылған сенім өте жоғары. Сондықтан іске жауапкершілікпен қараймыз», – деді 6637 әскери бөлімінің сарбазы Алдияр Атақанов.

Оқи отырыңыз:  Дабыл қағылады: Алматыда сейсмикалық жаттығу өтеді

Новости партнеров