Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қанша қару табылды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

ІІМ заңсыз қару мен оқ-дәрілерді тәркілеуді жалғастырып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

«Жыл басынан бері полиция 664 қару, 54 граната және 8 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіледі.

Жалпы қабылданған шаралардың арқасында соңғы үш жылда 8 541 түрлі қару, сондай-ақ 870 граната мен 118 246 оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында еліміздің әртүрлі өңірінде 2 316 қару сақталған 772 схрон табылды.

Бүгінгі таңда 1 263 қарудың қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды. Тәркіленген қалған 7 278 қарудың тіркеу нөмірлерін қаскөйлер қасақана жойған. Осыған байланысты олар бойынша қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі», - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда үш күнде қару жасырылған 30-дан астам орын анықталды

Новости партнеров