Қарағанды маңында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Жүргізуші көлік тізгініне ие бол алмай, жол жиегіне аударылып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысының «Алматы – Қарағанды» бағытындағы тас жолында екі адам ажал құшты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көлік апаты кеншілер шаһарынан 25 шақырым жерде болған. Кейіннен анықталғандай, жол-көлік оқиғасына Toyota Альфард жүргізушісінің рөлге ие бола алмай, аударылуы себеп. Қазір қайғылы жайтқа қатысты жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс облыстық полиция департаментінің бақылауында.

 «Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның аясында қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Қарағанды облысының Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе ұзақ сапар кезінде арнайы жабдықталған кемпингтер мен демалыс алаңдарын пайдалана отырып, міндетті түрде демалудың маңызын естен шығармау қажет», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

Оқи отырыңыз: Сені де өлтіреміз: Шерзаттың анасы оқиғанын қалай болғанын айтты

Новости партнеров