Қостанай облысында есірткі сатқан топтың жолы кесілді

Күдіктілер былтыр интернет-дүкен құрып, тыйым салынған затты қолма-қол ақшаға және криптовалюға саудалап келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан топтың жолы кесілді, деп хабарлады Almaty.tv.

Күдіктілер былтыр интернет-дүкен құрып, тыйым салынған затты қолма-қол ақшаға және криптовалюға саудалап келген. Тінту барысында 30 келіден астам марихуана мен гашиш, ұялы телефондар және 5 банк картасы тәркіленген. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, интернет-дүкеннің 2 мыңнан аса тұтынушысы болған. Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

 «Қылмыстық жолмен келген табысты жасыру мақсатында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы дроптарды, жалған тұлғаларды тартқан. Бұл тұлғалар атына банк карталары рәсімделіп, сол карталар арқылы ірі көлемдегі ақшалай қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Есірткі тасымалы үшін күдіктілер қылмыстық табыстың есебінен 2 автокөлік пен мотоцикл сатып алып, оларды сенімді адамдардың атына тіркеген. Сот санкциясымен бұл көлік құралдарына тыйым салынды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі басқармасының басшысы Салтанат Көшербаева.

Оқи отырыңыз: Қарағанды маңында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Новости партнеров