Өңір сирек кездесетін металдарды өндіру орталығына айналуы мүмкін
Қарағанды облысы сирек кездесетін металдарды өндіру орталығына айналуы мүмкін. Құйрықтыкөл учаскесінде жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде сирек кездесетін элементтердің үлкен қоры бар бірнеше әлеуетті учаскелер табылды. Алдын ала бағалау бойынша ресурстар шамамен миллион тоннаны құрайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысы сирек кездесетін металдарды өндіру орталығына айналуы мүмкін. Құйрықтыкөл учаскесінде жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде сирек кездесетін элементтердің үлкен қоры бар бірнеше әлеуетті учаскелер табылды. Алдын ала бағалау бойынша ресурстар шамамен миллион тоннаны құрайды.
Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жаңа Қазақстан» алаңы Құйрықтыкөл учаскесін қамтиды, барлық геологиялық алғышарттар бойынша әлеуеті зор. «Жаңа Қазақстан» алаңының 300 метр тереңдікке дейінгі сирек кездесетін металдардың жалпы болжамды ресурстары 20 млн тоннадан асады, сирек кездесетін элементтердің сомасы шамамен 700 г/т құрайды. Қазақстанда сирек кездесетін кендердің осы түріне ұқсасы жоқ, бұл оны жаңа өнеркәсіптік типке жатқызуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Іздестіру жұмыстарын «Центргеолсъемка» ЖШС жүргізді.
– Жобадағы сирек кездесетін элементтердің талдамалық зерттеулерінің шектеулі көлеміне байланысты, осы нысанның маңыздылығын болжай отырып, компания басшылығы сандық анықтамалардың едәуір бөлігін өз қаражаты есебінен орындауға шешім қабылдады. Бұл болжамды ресурстарды неғұрлым дұрыс бағалауға және қорларды алдын ала есептеуге мүмкіндік берді. Сандық талдау нәтижелері кен аралықтарынан алынған сынамалардың құрамында неодим, церий, лантан және иттрий басым болатын барлық сирек кездесетін элементтердің жоғары шоғырлануы бар екенін көрсетті, – деп түсінік берді «Центргеолсъёмка» ЖШС бас геологы Максим Клочков.
Кен байыту және құнды компоненттерді алу технологиясын табысты әзірлеу өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және экономикалық дамуына әсер етеді.
Оқи отырыңыз: Петропавлда 21 жастағы жігіттің денесі табылды