Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап үлгерді
Қарағандыда полиция қызметкері жүргіншілер өткелінде бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жол-көлік оқиғасы Жауынгер интернационалистер көшесі мен Жаңа қала шағынауданының қиылысында болған. Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап үлгерді. Мәлім болғандай, патрульдік полиция алда келе жатқан көлікке соғылмау үшін қарсы бетке шыққан көрінеді. Ол мезетте бойжеткен жолдан өтіп бара жатқан.
"Жол-көлік оқиғасының салдарынан 22 жастағы жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Патрульдік полиция полкінің жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жіберілді", – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқи отырыңыз: Мүгедектігі бар 18 жастағы баламды зорлаған күдіктіні тауып берсін - анасының жанайқайы