Шаруа қожалығының басшылары жалған құжат жасаған
Қарағандыда сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген 339 миллион теңге субсидияны жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, шаруа қожалығының басшылары мемлекеттен көмек алу үшін ветеринармен алдын-ала келісіп, жалған құжаттар жасаған. Ал іс жүзінде онда өндірістік қызмет жүргізуге жарамсыз шағын мал шаруашылығы болған. Күдіктілер ұрланған қаражаттың жартысына 60 асыл тұқымды бұқа сатып алған.
«Сот үкімімен олар ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы және 206-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот Ауыл шаруашылығы басқармасының 339 миллион теңге сомасындағы азаматтық талабын қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері 758 миллион теңге жымқырған