Қанат Тілеуханның "Медаль" скаундрамасы сахналанды

Алматыда Бикен Римова атындағы Талдықорған театрының гастрольдік сапары өтіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Бикен Римова атындағы Талдықорған театрының гастрольдік сапары өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

21-23 сәуір аралығында өнер ордасы көрермендерге бірнеше қойылым ұсынады. Соның бірі – Қанат Тілеуханның «Медаль» саундрамасы. Туынды марапат пен еңбектің шынайы бағасы туралы сыр шертеді. Қойылымды режиссер Фархат Молдағали сахналаған. Автор мен режиссердің шығармашылық үндестігі спектакльдің атмосферасын тереңдете түскен.

 «Қоғамда атақ деген өте көп беріледі. Осының қаншалықты қадірі бар? Атақ сіздің өміріңізге қалай әсер етеді? Сіздің шығармашылығыңызға қалай әсер етеді? Атақ сатыла бастады, қадірі кетіп қалды. Рас былай адамның, өнерпаздың кез келген саланың адамына атақ, марапат керек. Бірақ оның жөн-жосығы болуы керек», – деді қойылым авторы Қанат Тілеухан.

 «Бүгінгі қоғамның проблемасы – атақ. Кішігірім әңгіме болғандықтан, үлкейтіп, көркемдеп спектакль қоюға ниеттендім. Талдықорған театры хабарласып, спектакль керек деген кезде, «Медаль» саундрамасын ұсындым», – деді режиссер Фархат Молдағали.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар тіршілік белгісі бар ғаламшарды тапты

 

 

Новости партнеров