Су кен орнындағы жұмысшылардың қалашығына жетті
Қызылорда облысында Арысқұм – Қызылқия өндірістік жолын қарғын су шайып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл «Құмкөл» мұнай-газ кен орнының аумағын қамтиды. Биыл өңірде қалың қар жауып, көктемгі жауын-шашынның салдарынан сай-сала суға толған. Қарғын су мұнайшылар қатынайтын ішкі жолдың 15-шақырымын да бұзып, газ өндіретін кеніштерге қатынасты қиындатып отыр. Қазіргі таңда кеніш аумағына жайылған қарғын судың қарқыны басылар емес. Тіпті кен орнындағы жұмысшылардың қалашығына дейін жетіп, жолдың екі жағын су басқан көрінеді.
Айта кетейік, бірер күн бұрын қар мен жаңбыр суы Жосалы кентіндегі жаңадан салынған ондаған тұрғын үйдің ауласын басып, халық біршама әбігерге түскен.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 102 адам туберкулез жұқтырған