Қарияларды ұрып-соққан: пансионат қызметкерлерінің адам шошырлық әрекеті бейнекамерадан анықталды

сгенерировано ИИ
сгенерировано ИИ

Тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауына алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысы Ақсу қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды қарау барысында адам шошырлық фактілер анықталған. Пансионат қызметкерлері екі дәрменсіз қартты ұзақ уақыттан бері қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.

Жәбірленушілердің бірі 84 жаста.

«Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған. Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің  110-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық күдікті анықталған. Тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауына алынды.

Оқи отырыңыз: Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында биік ғимарат салуға тыйым салынды

Новости партнеров