Сенаттың жалпы отырысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңы мен ілеспе құжат мақұлданды
Сенат депутаттары жалпы отырыста Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңды мақұлдады. Жаңа құжат тарихи нысандарды басқару және сақтау жүйесін қалыптастырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Атап айтқанда, Қожа Ахмет Яасауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және оның айналасында құрылыстың алдын алу мақсатында кесененің күзет аймағының шекарасынан 100 метр қашықтықта биіктігі 7 метрден асатын, сондай-ақ масштабы, түсі және құрылыс материалдары тарихи-мәдени ескерткіштерге сәйкес келмейтін нысандарды салуға жол берілмейді», - деді Сенат депутаты.
Жергілікті әкімдіктің құзыреті де кеңейтіледі. Осылайша Түркістан қаласы мәслихатына қала құрылысы регламенттері мен жобалау кодекстерін, сәулеттік келбетті қалыптастыру қағидаларын және өңірлік рәміздерді пайдалану тәртібін бекіту құзыреті берілген
Қала әкімдігі тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, қолөнерді дамытуды үйлестіру, қолөнершілер шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджеттен өтеу, сондай-ақ Түркістан қаласы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің қозғалысының схемалары мен тәртібін бақылайды.
«Ілеспе заңда туризмді дамыту үшін түзетулер енгізіледі. Атап айтқанда, барлық турист, соның ішінде мүгедектер мен қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаланың инфрақұрылымына қолжетімді болады. Сондай-ақ мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар мемлекеттік әлеуметтік нысандар –салу үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу нормалары бар», - деп түсіндірді Қаниев.
Ибрагим Асқар, Астанадан
Оқи отырыңыз: Жетісу ауданында сәуірде үш емхана ашылады