Қаржы пирамидасы: іздеуде жүрген ел азаматы қырғыз жерінде кісі өлтіргені анықталды

Көрші мемлекет аумағында жазасын өтегеннен кейін күдіктіні Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін жаза күтетін болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржы пирамидасын құрып, 4 мыңнан астам салымшының 15 миллиард теңге қаражатын заңсыз иемденіп, қашып кеткен Қазақстан азаматы елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті халықаралық іздеуде бола тұра, Қырғызстанда кісі өлтіріп, сотталған. Тараптардың келісімі бойынша ол қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейін Қырғыз Республикасына қайтарылады.

"Көрші мемлекет аумағында жазасын өтегеннен кейін күдіктіні Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін жаза күтетін болады. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Женпейісов.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында медбикелер үстемақы алу үшін жалған құжат жасаған

Новости партнеров