Қаржы жымқырған полиция бөлімі бастығының орынбасары қамалды

11.02.2025 15:46

Ол үш қызметкерімен бірге қаржы жымқырды деген күдікке ілініп отыр

Жамбылда Байзақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қамауға алынды. Ол үш қызметкерімен бірге қаржы жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске сала кетейік, былтыр Құмжота ауылының тұрғыны үйінен 11 млн теңгеге жуық ақша ұрланды деп полицияға шағымданған. Қылмыс орнын бөлім басшысы да көзімен көрген. Бірақ бір ай өтсе де, жергілікті полициядан хат хабар алмапты. Шыдамы таусылған тұрғын аудандық бөлімге барғанда, істің тіркелмегенін білген. Сондықтан жәбірленуші прокуратураға арызданады. Ал тергеуден соң басшы орынбасарының қызметкерлерге қылмысты есепке алмауды бұйырғаны белгілі болды.

"Ол жерде полиция қызметкерлері қорқыту, басқа да құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттер жасап, арызданушыны арыз жазуға бас тартуға мәжбүрлеген. Ашылмаған қылмыс қой, олардың статистикасы көтеріліп кетпеуін, соның мүддесінде жасалып отыр. Бұл жерде 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі Жалғас Көшербаев.

Оқи отырыңыз: Шымкентте экс-судья 7 жылға түрмеге тоғытылды