Қаскелеңде көпқабатты үйдің құрылыс кезінде аса ірі алаяқтық жасалған

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті Қаскелең қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы кезінде аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыс талапқа сай жүргізілмеген және уақытылы аяқталмаған. Көпқабатты үйдің құрылысына ақша салған 100-ден астам азамат зардап шекті. Компания 2021-2023 жылдары құрылысты лицензиясыз және жобалық құжаттарсыз жүргізген. Соған қарамастан тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді жарнамалап, халықтан қыруар қаражат жинаған.

 «Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда. Іс сотқа жіберілді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы Салтанат Көшербаева.

Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов әкімдерді құрылыс маусымын ұтымды пайдалануға шақырды

Новости партнеров