Қаза тапқандардың мәйітін анықтау жұмысы жалғасып жатыр – ТЖМ

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қаза тапқан 38 адамның 10-ы анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық ұшақта қаза тапқандардың денесін идентификациялау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында ҚР ТЖМ, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 235 адам, 98 бірлік техника, 2 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.

"Қаза тапқан 38 адамның 10-ы анықталды: 3-уі Қазақстан азаматы, 3-уі - Ресей және 4-уі - Әзербайжан азаматы. Денелерді идентификациялау жұмыстары жалғасуда. 20 зардап шеккен адам емдеу мекемелерінде жатыр. Ауруханаға жатқызылған барлық 29 зардап шеккен адам анықталды", - делінген ведомство хабарламасында.

14 зардап шеккен адаммен Әзербайжан делегациясының 2 бортының ұшуы жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Ұшақ апаты: алматылықтар марқұмдардың рухына тағзым етті

Новости партнеров