Қазақстан мен Оңтүстік-шығыс Азияда болған жер сілкінісінің байланысы бар ма

Almaty.tv
Almaty.tv

Сейсмолог Мұхтар Хайдаровтан жер дүмпуінің өзара байланысы туралы айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Бүгін әлемнің түкпір-түкпірінде жер сілкінісі болды. Сейсмолог Мұхтар Хайдаровтан жер дүмпуінің өзара байланысы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

28 наурызда Астана уақытымен 03:42–де Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Қарқындылығы Меркіде 5 балл, Құлан ауылында 4 балл болды. Оның әсерінен Тұрар Рысқұлов ауданында 20-дан астам ғимарат зақымданды.

Астана уақытымен 16:00–де Жамбыл облысында тағы да жер сілкінді. Бұл жер дүмпуінің ошағы Қырғызстан аумағында болды.

28 наурыз күні Астана уақытымен 11:20–да Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелді. Сондай-ақ сілкініс дүмпуі Таиланд астанасы Бангкок пен Лаос астанасы Вьентьянда да анық байқалған. Жалпы Мьянмадағы жер сілкінісінен 50 адам қаза тауып, 300 адам жарақат алды.

Сейсмолог Мұхтар Хайдаров бұл жер сілкіністерінің арасында тікелей байланыс жоқ екенін атап өтті. Айтуынша, бұл оқиғаларды тек литосфералық тақталар арқылы байланыстыруға болады.

"Еуразиялық тақта мен Үндістан тақтасы Гималай таулары арқылы қабаттасқан. Бұл таулардың біздегі бір шеті — Тянь-Шань, екінші шеті — Мьянма жақта аяқталады. Бүгін болған жер сілкіністерін осы ғана байланыстырады. Ал Мьянмада болған жер дүмпуінің бізге тікелей әсері болды не болашақта болады деуге ғылыми негіздеме жоқ", — деді ол.

Президентке Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейінгі ахуал баяндалғанын, еске салайық. 

 

Новости партнеров