Арнайы операция нәтижесінде 29 адам қамауға алынды
ІІМ "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысын жалғастыруда. Соңғы аптада Қазақстанның бірнеше қаласы мен облыстарында операциялар жүргізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда 26 жастағы ер адам көлігімен 2,5 кг мефедрон, 50 грамм кокаин және 30 грамм "экстази" есірткісін тасымалдау кезінде ұсталды. Сондай-ақ бір келіге жуық мефедрон мен 20 грамм кокаинды автокөлікпен тасымалдаған екі азамат ұсталды.
Абай облысында 27 жастағы ер адам ұсталды. Ол түрме аумағына салмағы 2 кг болатын алты орам гашиш тастамақ болған.
Астанада 27 жастағы ер адам 10 келіден астам гашиш пен 265 грамм марихуана сақтаған. Ол есірткіні Telegram арқылы сатып алған.
«Нәтижесінде бір апта ішінде 29 адам қамауға алынды. 110 келіден астам есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 78 келіден астам синтетика, 9 кг гашиш, 22 кг марихуана және 68 грамм кокаин. Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жер сілкінісінен қанша ғимаратқа зақым келгені айтылды