Қазақстанда гид мамандарын даярлау ұсынылды

Thijs Kremers/unsplash.com/
Thijs Kremers/unsplash.com/

Қазір жүйеде 380 гид тіркелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде кәсіби гидтерге арнайы бейдж беріледі, ол маманның біліктілігінің көрсеткіші. Бұл бағыттағы жұмыс туралы толығырақ Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Біз қолға алған келесі бастама цифрландыру арқылы гидтердің қызметін реттеу. Қолданыстағы реестр туристерге қажетті гид табуға, оған хабарласып, кәсіби біліктілігін тексеру мүмкіндігін бермейді. Сондықтан министрлік тапсырысы бойынша гидтерге арналған бірыңғай цифрлық платформа жасалған. E-Гайдс цифрлық жүйесі аталған мәселелерді шешіп қана қоймай, мамандардың білімін тексеруге, біліктілігін арттыруға және қосымша білім беруге мүмкіндік береді", - деді Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тексерістен өткен гидтерге бірыңғай стандарттағы бейдж беріледі, ол бейдж білікті маманның белгісі.

"Қазір жүйеде 380 гид тіркелген. Оның 94-не бейдж табысталды. Осы тәжірибені кең тарату үшін жергілікті атқарушы органдары, Ғылым және жоғарғы білім, Оқу-ағарту министрліктері тарапынан гид мамандарын даярлайтын бағдарлама әзірлеуге атсалысуды сұраймыз", - дейді ол.

Оқи отырыңыз: Оралда орталық басшысы бюджет қаражатын жымқырған

 

Новости партнеров