Билеттерді сатып алу кезінде барлық деректер автоматты түрде тексеріледі
Елімізде белгілі бір санатқа жататын азаматтар теміржол билетін 50% жеңілдікпен ала алады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Теміржол көлігі — Қазақстанда әлі күнге дейін ең танымал көлік түрлерінің бірі. Алайда, қазіргі заңнама мен тасымалдау ережелеріне сәйкес жолаушылар пойыздарында толықтай тегін қатынау мүмкін емес. Дегенмен, азаматтардың белгілі бір санаты теміржол билеттерін сатып алу кезінде жеңілдіктерге ие бола алады.
Жеңілдікке құқығы бар азаматтар:
Жеңілдікпен билет алу тәртібі
Мүгедектігі бар адамдар билетті жеңілдікпен онлайн алу үшін өздерінің ЖСН және мүгедектік туралы анықтама нөмірін енгізіп, рәсімдей алады. Енді бұрынғыдай әлеуметтік ID кодының алты таңбалы нөмірін енгізудің қажеті жоқ.
— Билеттерді сатып алу кезінде барлық деректер автоматты түрде тексеріледі. Бұл теміржол билеттерін сату жүйесін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректер базасымен интеграциялау нәтижесінде мүмкін болды, — дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Нариман Дүйсекеев.
Билетті bilet.railways.kz ресми порталынан, «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасынан немесе басқа интернет-платформалардан сатып алуға болады.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында қылмыстық топ ұсталды