Желіде стипендияның кешігетіні туралы ақпарат тарап жатыр
"Қаржы орталығы" АҚ қазақстандық студенттердің шәкіртақысы қашан түсетіні туралы хабарлама таратты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
"Қаңтар айына мемлекеттік стипендия төлеу бүгін, 30 қаңтарда басталғанын хабарлаймыз. Бүгінгі таңда Оператор 77 жоғары оқу орындарының студенттеріне төлем жасады. Қалған барлық мемлекеттік стипендия төлемдері ертең, 31 қаңтарда аяқталатын болады", - делінген хабарламада.
Желіде стипендия төлеудің кешігуі туралы ақпарат таратылуда, атап айтқанда, төлемдер 3 ақпаннан кейін жүзеге асырылады делінген.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сіздерден тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз", - деді "Қаржы орталығының" өкілдері.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық балалардың шотына екінші мәрте ақша аударылды