Жалған хабарламалар алғаш рет 2007 жылы ағылшын тілінде жарияланған
Қазақстан мектептерінде «құлпынай квик» кәмпиттері таратылып жатыр деген қауесет жалған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кешеден бері құрамында есірткі кристалды метамфетамин қосылған күлгін түсті препараттар бар деп WhatsApp-та желдей ескен ақпаратты ІІМ шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн", – деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, құрамында есірткісі бар кәмпиттердің таралып жатқаны туралы ақпарат бұған дейін 2022 жылы да шыққан. Ол кезде «есті кетіретін тәттілер балабақшаларда балаларға беріліп жатыр. Нәтижесінде, бөбектер жаппай ауруханаға жатқызылды деп шу шыққан» еді. Фактчекинг порталының ақпарынса сай, психотропты препараттар қосылып жасалған кәмпиттердің таратылып жатқаны жайлы жалған хабарламалар алғаш рет 2007 жылы ағылшын тілінде жарияланған.
Оқи отырыңыз: Ыдыс жууға ерінген: балаларды бір қасықпен тамақтандырған тәрбиеші жұмыстан бостылды