Құтқарушылар 2 жылқыны мұздан қауіпсіз аймаққа шығарды

ҚР ТЖМ телеграм каналы
ҚР ТЖМ телеграм каналы

Зардап шеккендер жоқ, жануарлар тірі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құтқарушылар құтқару арқанының көмегімен 2 жылқыны мұздан қауіпсіз аймаққа шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызылорда қаласы «ПМК-29» саяжайы маңындағы Қалғандарияға мұз қатып, 2 жылқы жағасынан 300 метр қашықтықта мұздан шыға алмағаны туралы хабарлама түскен.

Құтқару операциясын Құтқару бөлімшесінің басшысы Паримов Қанат басқарды. Оның айтуынша, Қалғандарияның бетіне мұз қатып қалған. Дегенмен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, құтқарушылар малды аман-есен жағаға алып шығарды. Зардап шеккендер жоқ, жануарлар тірі. Жылқылардың иесі алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінісін ерте анықтайтын стансалар көбейеді

Новости партнеров