Азамат ұрлаған заттарды сатып, ақшасын бас пайдасына жаратқан
Қызылордада аккумулятор ұрлаған 19 жастағы жігіт ұсталды. Бір ай бойы есігі ашық қалған автокөліктерді аңдыған ол жәбірленушілерге 1 миллион теңгеден астам залал келтірген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицейлер күдіктінің 10 ұрлық эпизодына қатыстылығын дәлелдеп отыр. Азамат ұрлаған заттарды сатып, ақшасын бас пайдасына жаратқан. Ал қолды болған 5 аккумулятор, магнитофон және тағы да басқа заттар сатып алушылардан, қалғаны күдіктінің үйінен тәркіленді.
«Ол 1 ай бойы қала орталығында автокөліктердің есігі ашық тұрғанын пайдаланып, дабыл орнатылмаған көліктерден магнитофон, аккумулятор және тағы да басқа құнды заттарды ұрлап келген. Полицейлер оның 10 ұрлық эпизодына қатыстылығын дәлелдеді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Ұрлық қылмысына күдіктелген азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Асылбек Серікбаев.
Оқи отырыңыз: Қарғын су «Құмкөл» мұнай-газ кен орнына баратын жолды шайып кетті